Qabilet
Share skills, not money.

Ақшасыз білім мен дағды алмасу

Qabilet — студенттер өз білімін бөлісіп, жаңа дағдыларды тегін меңгеретін және қызығушылығы ортақ білім серіктестерін табатын цифрлық платформа.

Таныс интерфейс — жаңа мақсат

Instagram-дағыдай сторис пен сұраныстар, Tinder-дегідей свайп — бірақ мұнда бәрі білім алмасу үшін.

  1. Тіркеліп, фото қосыңыз

    Профиль жасап, нені үйрете алатыныңызды және нені үйренгіңіз келетінін белгілеңіз.

  2. Сторис пен свайп

    Басты бетте студенттердің сторисін көріп, карточкаларды сырғытыңыз.

  3. Сұраныс жіберіңіз

    Ұнаған студентке сұраныс жіберіңіз. Ол қабылдаса — чат ашылады.

  4. Сөйлесіп, үйреніңіз

    Чатта талқылап, видео не аудио қоңырау жасаңыз. Сабақ профильдегі кестеге түседі.

Негізгі мүмкіндіктер

  • Жылдам тіркелу

    Instagram сияқты таныс форма: телефон немесе email, университет, мамандық, курс.

  • Профиль фотосы

    Фото қосып, өзіңіз туралы деректер мен дағдыларыңызды көрсетіңіз.

  • Сторис

    Воркшоп, бос уақыт немесе жаңа дағды туралы 24 сағаттық сторис жариялаңыз.

  • Skill Swipe

    Басты беттегі карточканы сырғытып, сәйкес білім серіктесін табыңыз.

  • Сұраныс жіберу / қабылдау

    Ұнаған студентке сұраныс жіберіңіз, келген сұраныстарды қабылдаңыз немесе жойыңыз.

  • Чат және талқылаулар

    Жеке хабарлама және тақырыптық топтық талқылаулар.

  • Видео / аудио қоңырау

    Сабақты қосымшадан шықпай-ақ қоңырау арқылы өткізіңіз.

  • Кесте профильде

    Белгіленген сабақтар бірден профильдегі оқу кестесіне түседі.

  • Рейтинг жүйесі

    Пікір қалдыру, белсенділікті бағалау, жетістіктерді бақылау.

  • 325+ дағды, 2 тіл

    IT-ден домбыраға дейін 14 санат. Қазақ және орыс тілдерінде.

Кімге арналған?

Университет және колледж студенттеріне, жаңа дағдыларды меңгергісі келетін жастарға және өз білімін басқалармен бөлісуге дайын адамдарға.

  • Білім алу үшін қосымша ақша қажет емес
  • Студенттер арасында өзара тәжірибе алмасу қалыптасады
  • Жаңа достар мен кәсіби байланыстар орнатуға болады
  • Уақыт пен мүмкіндікті тиімді пайдалануға көмектеседі
  • Өзін-өзі дамытуға және жаңа қабілеттерді ашуға жағдай жасайды

Жай ғана білім беру платформасы емес — бірге дамитын орта

Share skills, not money. Ақшасыз білім алмасу.

Профиль жасау